Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда әйелімен ұрсып қалғаны үшін 2 жасар қызының мойнына пышақ кезеген ер адам сотталды

Қарағандыда туған қызын кепілге алған әкесі 6 жылға сотталды. Әйелімен сөзге келіспей қалған ол 2 жастағы бүлдіршіннің мойнына пышақ тіреген, деп хабарлайты Stan.kz ақпарат "Астана" арнасына сілтеме жасап.

пышақ

2 жастағы балғын отбасылық жанжалдың құрбаны бола жаздаған жантүршігерлік оқиға, биыл сәуір айында болды. 3 баланың әкесі 34 жастағы Жанболат Айдарханов ренжіскен соң, қашып кеткен әйелінен татуласуды талап етіп, кенже қызын кепілге алған. Бүлдіршіннің тамағына пышақ тіреп, бір бөлмеге тығылып отырып алған.  

Отбасылық драма мына үйдегі пәтерлердің бірінде болған. Әжесіне қашып келген әйелінен кешірім ала алмаған күйеуі, алдымен баласын өлтіретінін айтып, туыстарына сес көрсеткен. Оны райынан қайтара алмаған жақындары полиция шақырады. 

Бұдан кейін ол мешітке баратын көлік талап етіп, кепілдегі қызын босатпастан, Алла үйіне келген. Осы жерде имам мен полиция жасағының келіссөзінен кейін ғана баланы босатқан еді. Полиция күдіктінің үстінен «адамды кепілге алу» бабымен қылмыстық іс қозғады. Бүгін 3 баланың әкесіне сот 6 жылға сотталатынын хабарлады.   

"Ол кішкентай кәмелетке толмаған баласын кепілге алған. Қару қолданып. Бұл қоғамдық тәртіпке қарсы террористік қылмыс санатына жатқандықтан сот шартты түрде жаза тағайындамайды. Сот үкім шығарғанда Айдархановтың бұрын сотталмағаны, өзінің кінәсін толық мойындағанын ескерген", - Қарағанды облыстық сотының судьясы Еркеш Мәукен.

Психологтардың айтуынша, адамдардың мұндай өрескел әрекеттерге баруына көп жағдайда әлеуметтік, қаржылық қиындықтар себеп болады. Тұрмыс тауқыметінен жүйкесі жұқарған адамдар, проблеманы шешуде әлсіздік танытады.  

Қарағандыда «Құқық қорғау қызметтерінің орталығы» да жұмыс істейді. Онда қорғаушы, прокурор, полицей және психолог мамандар қиын жағдайға тап болған тұрғындарға тегін көмек көрсетеді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Головкин - жақсы бизнес көзі": "Канело" үшінші жекпе-жекке келісті

Альварес: "Егер олар маған жақсы ұсыныспен келсе, біз үшінші жекпе-жек өткіземіз"

"Өзін банкрот жариялайтын уақыт жетті": Қоғамдық кеңес жаңа заң шығаруды ұсынды

Белсенділер сонда өмірден түңіліп, суицид жасайтындар азаятынын айтып отыр

Соққыға жығылған Қытай азаматтарының жағдайы бірқалыпты

Тексеріс барысында 33 Қытай азаматының көші-қон заңын бұзғанын анықтады

"Менің кабинетім үлкен емес": Еден жуған шенеунік қызметінен кетті

Әнуар Жанғозин елорданың білім басқармасына басшы болып тағайындалған күннен бастап басы даудың ортасында жүрді

Елорданы дүр сілкінткен педофил ұсталды

Педофилдің қашып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы білген елордалық тұрғындар дүр сілкінген

20 дана таблетка ішкізіп, алып кеткен: Шымкентте жоғалған азаматты тапты

Қайта келгенде ұлының дені сау болмаған

"Аяусыз ұрған": Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны - түсініксіз

Жас бүлдіршіннің әнін сүйемелдеген Димаш Құдайберген жұртты сүйсінтті

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бұл туралы парақшасында жариялады

Атыраудағы сәби өлімі: Бас дәрігердің телефондағы жазбасы толық жарияланды

Немереснің тағдырын телефон арқылы шеше салған екі дәрігердің әңгімесін естігелі әжейдің ұйқысы қашқан

"Тіл тартпастан көз жұмған": Ерболат Беделханның ата-анасы қайтыс болған жол апатына байланысты полиция мәлімдеме жасады

Қарсы бағыттағы жүккөлігімен соғысқан жолаушылар оқиға орнында жан тапсырған
Çàãðóçêà...