Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әрекетін мойындатып, видеоға түсірген: Алматы облысында ер адам әйелінің көңілдесін өлтіріп тастады

Алматы облысындың адам өлтірген күдікті қамауға алынды. Күдікті әйелінің көңілдесін өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз біреулердің пышақ жарақатын алған және бас-ми жарақатын алған ер адамды жеткізгені туралы хабарлама түсті. Алынған жарақаттан ер адам есін жимай көз жұмды. Жедел-тергеу тобы марқұмның жеке басын анықтады, ол 36 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты.

Жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2021 жылдың 6 қарашасында Алматы қаласының 32 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Ол кісі өлтіргенін мойындап, марқұмның өзінің әйелінің сүйіктісі екенін түсіндірді.

Күдікті әйелінің кінәсін мойындағанын камераға түсіріп алған, содан кейін жәбірленушіні оңаша жерде әңгімеге шақырған. Оның да өз әйелімен байланысы туралы мойындағанын видеоға жазып, кейін балтамен бірнеше рет ұрған. 

Айта кетейік, күдікті бұған дейін де 2014 жылы сотты болған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 128 бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балта қылмыстың қаруы ретінде тәркіленіп, заттай айғақ үшін іске қосылды.


Қарағанды облысында зейнеркер 35 жыл бойы көрмеген ұлымен қауышты

Талқылау