Соңғы жаңалықтар

Әйелі бұған дейін полицияға арызданған: Күйеуінің тұтқынында болған азаматшаның оқиғасы жайлы жаңа деректер анықталды

Оралда өзінің күйеуінің тұтқыны болған әйел қатты қорқып қалған көрінеді. Дәрігерлер айтуынша, оның жағдайы орта ауырлықта екен. Қатты абыржумен қоса азаматша бірнеше пышақ жарақаттарын алған. Ал оған жәбір көрсеткен ер адам түрмеге жабылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Полициялар ер азаматқа әйелінің маңына жоламауды ескертіпті. Қазіргі таңда әйел тұтқында болған нотариалдық кеңседе тәртіп сақшылары дәйектер жинастыруда. Ал жәбірленуші әйелдің өзі ауруханадан шықпапты. Қазір онымен психолог мамандар жұмыс жасауда. Көршілерінің айтуынша, отбасы көзге түсетіндей ешнәрсе жасамаған. Әйел адамның жолдасы медициналық департаменттің ірі мұнай-газ өндірісінде қызмет атқарған көрінеді. 

"Олардың арасындағы кикілжіңді мен бұрын байқамаппын. Ер адам келіп, жарын үйіне алып кетіп тұратын. Жақсы киім киген, жақсы көлік мінген. Тату отбасы болып көрінетін", - деді сұлулық салонының қызметкері Жұмағыз Кенжесова. 


Тағы оқыңыз


Дегенмен соңғы уақыттары ерлі-зайыптының арасында жанжал орын алыпты. Күйеуі өзінің жарына қысым көрсетіп, оны ұрған көрінеді. Салдарынан жолдасының бұл қылығына төзбей, азаматша ажырасуға бел буыпты. Бұған қоса ол бірнеше рет полицияға оқиға бойынша арыз жазыпты. Тәртіп сақшылары ер адамға әйеліне жоламау туралы ескертпе жасалған. 

"Ер азаматқа барлық жолмен жұбайымен қарым-қатынасқа түсуге рұқсат етілмейді. Яғни, ол азаматшаға қоңырау шалуға, артынан аңдуға, сөйлесуге және оның үйіне баруға тыйым салынған. Бұл ескертпенің мерзімі 30 күнге созылған. Осы уақытта ер азамат жергілікті инспектордың бақылауында болған", - деді БҚО-ның ПД-нің басшы қызметін атқарушысы Серік Сүйінбаев.

Ерлі-зайыыптының арасында болған оқиға жайлы бүкіл Қазақстан хабардар болды. 28 қараша күні ер азамат әйелі жұмыс істейтін орынға баса көктеп кіріп, оны тұтқынға алған. 

Қазіргі таңда ер адам түрмеге қамалып, оған қарсы "кісіні тұтқынға алды" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетерлік жайт, егер күдікті өз еркімен немесе полициялардың айтуымен тұтқынды босатса, оған қарсы қылмыстық жаза тағайындалмайд екен. Алайда күдіктінің жәбірленушіге қарсы басқа қылмыстық ойы болмауы тиіс. 

 



 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерлан Қарин Алматының атауына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Ерлан Қарин: "Идея айтылғанымен мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдайтынын білдірмейді"

Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімін алады

Хиуаз Доспанова - Ұлы Отан соғысының жалғыз ұшқыш-қазақ, штурман-атқыш

Елордада Сейфуллин, Жансүгіров, Майлинге арнап жаңа ескеркіш орнатылды

Үш арыстың туыстары: "Бүкіл қазақ әдебиетіне, еліміздің барлық жазушыларына деген құрмет"

Бас прокуратура қазақстандықтарды 16 желтоқсанға қарсы заңсыз митингке шығатындарға ескерту жасады

Бас прокуратура арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады

Тоқаев Алматының атауын өзгертуді қолдады: Олжас Сүлейменов қандай нұсқа ұсынды?

Олжас Сүлейменов бірінші болып Алматының атын өзгерту петициясына қол қоюға дайын

Қазақстандық әнші-боксер Мәскеуде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Ескендір Ибрагимов екінші раундта қолының сынғанына қарамаған

Өліп қала жаздады: Атырау облысында бүлдіршін қаламсап қалпақшасын жұтып қойды

Бала жөтел қысып, тынысы тарылғанын айтып шағымданған

Алматы облысында неміс овчаркасы баланы талап тастады

Овчарка жәбірленушінің отбасына тиесілі

"Әлем аруы 2019" байқауының жеңімпазы белгілі болды

Халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан атынан 20 жасар Мадина Батық қатысты

Мұғаліммен болған жанжалдан соң Түркістан қаласының полиция бастығы қызметінен шеттетілді

Данияр Мейірхан мұғалім алдында кешірім сұрады
Çàãðóçêà...