Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізге жағу оңай емес": Продюсер Гүлнұр Мамасарипова желіде әйелдер тақырыбын көтеретін еркектерді мазақ қылды

Қазақстандық танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде әйелдерге табысқа жетуді үйретіп жүрген еркектер туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/gulnur_mamasaripova

“Еркектер: “Әйелдеріңнің жағдайын жасаңдар” деп керемет әңгіме айтатын болыпты. Кейбірінің әйелі жоқ, бірақ әңгімелері ірі. Негізі әйелге жағу сендер ойлағандай оңай емес, жігіттер. Сендер түгілі не керек екенін өзімі де білмейміз. Сосын әйелдерді әйел коучтар үйрететін еді, қазір еркек коучтар әйел тақырыбына жатып алыпты. Олардың “еркем”, “бикем”, “аруым”, “көркемім” деп еміренгендері бөлек. “Әлемнің бар асылына лайықсыңдар” деп езіліп отырады. Кәдімгідей сеніп қалады екенсің. Неге олай айтып отыр десем, олар курс сатады екен. Қысқасын айтқанда, қыздар, біз мықты боп тұрмыз. Біраз еркекті байытып жатырмыз. Әйелдердің мақтау қатты жақсы көретіні рас болып тұр ғой. Олай еліре бермейікші. Құдай бізге сана, ми берді. Оны бізге әлеуметтік желіде сұхбаттарды ғана көрсін деп бермеді ғой”, – деп жазды Гүлнұр Мамсарипова.

Жазба астында пікірлерге қарағанда бұл көптің көкейінде жүрген дүние болса керек. Желі қолданушылары продюсерді қос қолдап қолдады.

“Дәл айттыңыз, әйелі де, еркегі де психолог, коуч”, “Instagram өшіп қалса солар көше кезіп кететін сияқты”, “Оқып отырып есіме Мұхамеджан Тазабеков түсті”, “Желіге кірсең бәрі ақылды, коуч, психолог, мотватор”, “Қара жұмыс істейтін еркек азайды”, – деп жазды желідегілер.

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 22 Маусым, 2023 12:52