Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйел YouTube-тен балаларға суицид жасаудың жолдарын үйрететін видео тауып алған

YouTube Kids қолданушысы видео хостингінен суицид жасауға арналған кеңестерді байқап қалған.

Әйел YouTube-тен балаларға суицид жасаудың жолдарын үйрететін видео тауып алған

Осыған байланысты алаңдаушылық танытқан ана басынан өткен оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды PediMom сайтына сілтеме жасап Stan.kz.

Әйелдің айтуынша, ұлының мұрны қанаған. Осы кезде әйел өзіне қол жұмсауға арналған кеңестер ұсынылған видеоны тауыпты.

«Біз жуынатын бөлмеде еденде отырдық. Ұлымның назарын басқа жаққа аудару үшін YouTube Kids қостым», – дейді әйел.

Оның сөзінше, мультфильмнің 4 минут 45 секундында роликте ер адам пайда болып, суицид жасаудың жолдарын түсіндіре бастаған. Әйел мұндай видеоны балаларға зиян келтіру үшін хостингке әдейі қосқанына сенімді. Ол видеоға шағымданып, отбасы мен достарынан да шағымдануын сұрапты.

Сайтта мәлімденгендей, «ол видеоны өшіру мүмкін болды». Десе де әйел YouTube Kids-те балаларға арналмаған роликтердің әлі де көп екеніне сенімді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр