Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел босанғаннан кейін сүйіктісінің көзіне шөп салғаны білініп қалды

Шетелдік Reddit желісінің қолданушысы інісің сүйіктісі босанғаннан кейін, оның опасыздық жасағанын біліп қойғанын айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйел босанғаннан кейін сүйіктісінің көзіне шөп салғаны білініп қалды

Ер адам өзінің 24 жастағы інісі мулат екенін айтты. Ал оның 25 жастағы сүйіктісі – жартылай афроамерикандық және азиат. Жазба авторы олардың жаңа туған сәбиінің терісі ақшыл екенін көріп, інісіне баланың оған тиесілі еместігін айтқан. Сол кезде мұны жас босанған келіншек естіп қойып, ашуға булығып, оны палатадан қуып шығыпты.

Алайда баланың әкесі ағасымен бірге шығып кетіп, сүйіктісінің адалдығына күмән келтіретінін айтқан. Себебі үнемі телефонын жасырып жүретіні және достарының танысуға арналған сайттан оның парақшасын байқап қалғаны күдігін тудырыпты. 

Артынша ер адам ДНҚ сараптамасының нәтижесін алмайынша, нәрестенің өзінікі екенін мойындамайтынын айтады.  

Жазба авторының ата-анасы оның сөзімен келіседі. Алайда ата-әжесі оның мұндай ойы үшін ашуланып қалыпты. 

Ал жас босанған келіншек сүйіктісінен ДНҚ сараптамасынан бас тартуын бірнеше рет өтінген. Артынша ол шынымен де сүйіктісіне опасыздық жасағанын мойындады. 

Ал пікір қалдырушылар жазба  авторын мәдениетсіз деп айыптады. Бірнеше қолданушы оның генетикадан хабары жоқ екенін айтты.

«Мутация туралы ұмытпа. Менің ата-анам қара нәсілді болғанымен, мен альбиноспын. Және олардың мені асырап алған-алмағаны туралы сұрағанда немесе анам екеуімізге қарап, күмәнданғанда ашуланамын», - дейді пікір қалдырушылардың бірі.


Алғашқы кездесуде қойылатын төрт сұрақ >>>
Талқылау