Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел болашақ күйеуімен өзінің үйлену тойында танысқан

Ұлыбританияның Телфорд қаласының тұрғыны болашақ күйеуімен өзінің үйлену тойында танысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2011 жылдың маусымында Керри Суинтон тұрмысқа шыққан. 110 қонақ шақырып, сол кездегі күйеуінің досы 52 жастағы Марк Тейлор кезіктірген. Тейлор тіпті олармен фотоға түскен.

Біраз уақыттан кейін Суинтонның некесі бұзылып, 2015 жылдың қаңтарында олар ажырасқан. Төрт жылдан кейін Керри фортепианоны тасымалдау үшін көлік іздеген екен. Осы кезде Тейлорға тап болды. Олар сөйлесе бастады. Көп ұзамай олар жұп болып, 2020 жылдың қарашасынан бастап бірге тұра бастады.

2021 жылдың желтоқсанында Тейлор генетикалық ауру бүйрек поликистозына байланысты бүйрек жеткіліксіздігіне тап болған. Сүйіктісі екеуінің ағзалары бір-біріне сай келіп, әйел оған донор болды.  Ерлі-зайыптылар сөз байласып, 2024 жылы үйленуді жоспарлап отыр.

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 25 Маусым, 2023 15:03