Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел әлеуметтік желі арқылы сүйіктісінің көзіне шөп салып жүргенін біліп қойып, масқарасын шығарды

Ұлыбритания тұрғыны Анджела Джонс сүйіктісі Тонимен Facebook-тегі жалған парақша арқылы сөйлесіп, оның көзіне шөп салғанын біліп қойды. 

Әйел әлеуметтік желі арқылы сүйіктісінің көзіне шөп салып жүргенін біліп қойып, масқарасын шығарды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Джонстың сөзінше, Тонидің өзіне деген көңілі суып, телефонын жасырып қолданатынын күмән туғызған. Ол жігітінің Facebook желісіндегі хаттарын көріп, оның бір жыл бойы өзге әйелдермен сөйлесіп, кездесіп жүргенін біліп қойыпты. Сонымен қатар Джонс Тонидің танысуға арналған сайттағы парақшасын өшірмегенін анықтапты. 

Осыдан кейін әйел жігітінен өш алмақ болып, желіде жалған парақша ашып, онымен сөйлесе бастаған.

«Ол басы бос екенін айтқанда қаным басыма шапты», - дейді Джонс. 
Арада екі апта өткеннен кейін Тони оны кешкі асқа шақырыпты. Алайда Джонс мейманханада бөлме жалдауды ұсынып, ер адам келіседі. 

Тони мейманханада болған кезде Джонс оның атынан Facebook парақшасына кіріп, жазба қалдырып, ер адамның масқарасын шығарған.

Осыдан кейін жігіті опасыздық жасағанын мойындап, біраз уақыттан соң екінші мүмкіндік беруін сұрапты. Алайда олардың қарым-қатынасы көпке созылмай, ғашықтар айырылысып тынды. Арамызда сенім қалған жоқ, дейді Джонс.

Талқылау