Айдай Исаева: Мисс болдым екен деп сұлулық салондарынан шықпай жатқан мен жоқ

Бірі қолдайтын, екіншісі наразы отандық жобалардың бірі - «Қалаулым» бағдарламасы. Қазір аталған бағыттағы жоба отандық қос арнадан көрсетілуде. Бірін – Аша Матай жүргізсе, екіншісінің тізгінін –Айдай Исаева ұстаған. Атышулы жобаның жаңа жүргізушісімен Stan.kz тілшісі сұхбаттасты. 

Айдай Исаева

— Айдай ханым, сәлеметсіз бе! Жаңа қызметіңіз құтты болсын. Қаншалықты тез үйрендіңіз?

— Құттықтауларыңызға рахмет! Бұл жобаға келгенде өзімді үлкен бір отбасына келгендей сезіндім. Бәрі қолдап, білмейтін тұстарым болса, қол ұшын созуға даяр. Сондықтан шығар сіңісу қиын болған жоқ. 

— Тікелей эфирде жұмыс жасау қаншалықты қиын екен?

— Сырттан қарағанда үш сағат тікелей эфирде отыру оңай дүние сияқты. Бірақ өте қүрделі жұмысты талап ететін іс екенін түсіндім. Эмоционалды факторы да бар. Сан түрлі тағдырларды естіп, түрлі сезімді өзіңнің жан дүниеңнен өткізу үлкен төзімділікті талап етеді.

— Үнемі ізденісте болу журналистика саласының басты талабы. Тіл байлықты көбейту немесе осы журналистикалық білімді тереңдету мақсатында қандай амал-әрекеттер жасаудасыз?

— Тілді шынықтыру қазіргі кезде өзіме басты талаптардың бірі. Біріншіден, әдеби кітаптарды көп оқып жүрмін. Екіншіден, кәсіби мамандардың кеңестерінен де бас тартқан емеспін.

— «Қалаулымның» кейбір шоу-бизнестегі аға буынға аса ұнамайтынын білетін шығарсыз. Өзіңіз үлкен сыннан қорықпадыңыз ба? 

— Ондайын білмейді екенмін. Әрине ауқымды жоба болғаннан кейін сын да болады. Бірақ сыннан қорқып әрекетсіз отыру да дұрыс емес деп ойлаймын. Көш жүре түзеледі демекші, айтылған сындардан өз басым күнде пайдалы бір нәтиже шығарамын. Қалаулым осы 2 жылдың ішіне өзінің пайдасы мен шын ниетін дәлелдеген бағдарлама деп білемін. Сұрбойдақ жігіттер мен тұрмыс құрмаған қыздар саны қаншама. Бұл кәдімгідей бір қоғамның үлкен мәселесі. Шынайы бір-бірін сүйіп тоғысқан тағдырларды көріп іштей риза болып қаламын бұл жобаға. Бір тағдырдың өзгеруіне немесе бір отбасының құрылуына кішкентай болса да үлес қоссам, ол бiр бақыттың бiрi ғой!

— Ана ретінде болашақта балаларыңыз жар іздеп осындай жобаға қатысамын десе қолдайсыз ба?

— Ана ретінде бастысы балаларымды иманды және жақсы адамдар қылып тәрбиелеу менің міндетім. Ал өз жолын тауып, таңдауын өздері жасасын. Мен әр шешімдерін қолдап отырамын.

— Қаншалықты адамдарға сенгішсіз және жиі опық жейсіз бе?

— Жалпы өзім ешбір адамды жамандыққа қимаймын. Ауызың ашылса жүрегің көрінеді деп үйдегілер жиі айтады. 

— Қазір Салтанат құрбыңыз жігітімен кейде ән салып қояды, шатаспасам, бірге фильмге де түсті, жуырда бейнебаянға да түсірді. Өзіңізде болашақта жолдасыңызды өнер әлеміне әкелуге ойланып жүрген жоқсыз ба?

— Жарым өз саласының маманы. Ол кiсi «Бір үйге бір өнер адамы жеткілікті» деп айтады.

— Инстаграм сізге қаншалықты табыс әкелуде? Ең үлкен инстаграмнан тапқан табысыңыз қандай?

— Шынымды айтсам ешқашан әлеуметтік желіге табыс көзі ретінде қарамаппын. Сол себептен де айтарлықтай табыс әкелмеген шығар. Бірақ, мен оған еш өкінбеймін. Өйткені инстаграм мен үшін оқырманыммен байланыста болуға көмектесетін күнделік сынды.

 Арасында жарнама да жасап тұрамын, әрине. Бірақ әуелі оның 99% өзімнің дос таныстарымның кәсібі. Екіншіден, мен өзім қолданбаған затты ешқашан оқырманыма ұсынбаймын. Оны оқырмандарым жаксы бiледi деп сенемiн. Келiп жатқан ұсыныстың барлығын ала берсем бұл бiр бизнестей табыс бередi, бiрақ жиырма ұсыныстың бiреуiне ғана келiсiм беремiн. Өйткенi сапаға аса көңiл бөлемiн.

— Айына өзіңізге қанша ақша жұмсайсыз (орта бағамен)?

— Осы орайда отағасына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Аллам маған осы сұрақтын жауабын білмеуге мүмкіндік жасаған жар сыйлады. Шынымды айтамын мисс болдым екен деп сұлулық салондарынан шықпай жатқан мен жоқ. Керісінше дене, шаш, бет күтімін көбінесе әжелеріміздің үйреткен тәсілдерімен үйде жасауды ұнатамын. Бәрі сол ел қатарлы. Айтарлықтай көп шығын жоқ. Болса да қанша екенін нақты білмеймін. Өйткені отбасылық бюджет отағасының қолында.


Тағы оқыңыз: Ертегідегідей тойының суретін бөліскен Регина Вандышева жұртты тамсандырды (фото)


Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада көлік аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтірді (видео)

Тағы 2 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды

Би туралы қызықты деректер

Майамиде бір уақытта 119 986 адам конга биін билеген

Қыздарға кеңес: Жігіттер танысудың бірнеше жолын айтты

Әңгімені бастаудың ең жақсы тәсілі - адамды мақтау

Студентті өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған оқытушы Cоколовтың өзіне қол салмақшы болғаны видеоға түсіп қалған

Полицейлер ұстаз енді бұлай істемейді деп сендірді

Алматы билбордтарындағы есірткі жарнамасы: "челендж" партнері болған блогердің әңгімесі

Блогерлер кінәлі деп ойламаймын

Ер азамат бостандықта жүрген педофил жайлы естіп, оны бірер минуттан соң ұстаған

Қылмыскерді өзі ұстап, полицияға хабарлаған

Жер туралы қызықты деректер

Бір секунд ішінде Жерге шамамен 100 рет найзағай түседі

Теледидарды қосып қалған анасы жоғалып кеткен қызын көріп қалған

Қызы Денвер қаласында үйі жоқ адамға айналыпты

Лотереяда қомақты қаржы ұтқан азамат әйелінен қашып кеткен

Ақшаны екауара бөлісе алмай, жұбайлар арасында жанжал шыққан

«Жолдасым болмаса да, Құдай маған немерелерімді берді»: Шәхизада әйел бақыты туралы сыр шертті

Әнші: Ас үйге мен тек тамақ ішуге ғана кіремін
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр