Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аялдамада тұрудан қорқып қалдық": Қызылордада болған жол апатының куәгерлері анықталды

Қызылордадағы Назарбаев даңғылында орын алған жол апатынан үш адам – екі бала мен бір ересек қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.  

Опат болған тоғыз жасар Кәусар мен 11 жасар Нұрислам бір отбасының балалары екен. Олар оқитын мектептегілер бұл жағдайдың болғанына әлі сенер алар емес. Екі оқушыда мектептің мақтаныштары болыпты. Оқиға болған күні олар қосымша сабаұтарға бар жатқан.  

"Бұл жағдайды естіп қатты қайғырып отырмыз, себебі біздің мектепте оқитын үш бала оқиға құрбанына айналған. Бір баламыз ауыр жарақат алып, жан сақтау бөлімінде жатыр", - деді №12 мектептің оқу орынбасары Мира Ибадуллаева. 

Қазір Нұрисламмен бірге жаттығуға бара жатқан тағы бір бала мен оның анасы ауыр жарақаттар алып, ауруханада жатыр. 

"Жағдайлары өте ауыр. Қазіргі таңда жамбас сүйектері мен жіліншігінің жабық сынуы сынды жарақаттар алған, тиісті ем қабылдау үстінде", - деп мәлімдеді Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Төлеген. 

Сұмдық оқиғаға 21 қараша күні медициналық ЖОО-да болған оқытушылар мен студенттер куә болыпты. 

"Біз сабақта отырғанда айқай-шу, тежеуіш дауыстарын естідік. Терезеге қарасақ аялдаманың жартысы жоқ, адамдар жерде жатыр. Қандай қорқынышты, өйткені біз де бұл аялдамада жиі тұрамыз ғой", -деді студент Нұрсат Тілеуов. 

Toyota Camry көлігін мініп, аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтірген 20 жастағы жігіт қамауға алынған. Тергеу амалдары жүргізілуде. Келіп түскен ақпарат бойынша, оқиғаның басты себебі Toyota Camry және Mercedes автокөліктерінің соқтығысы болған. Жігіт соғылысудан қашамын деп аялдамада тұрған адамдарды басып кеткен. 

 


 

Талқылау