Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяқ-қолы сау еркек отбасын өзі асырауы керек": Елорда әкімі көпірден секірмек болған жігіт жайлы

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов халықпен кездесуден кейін елордадағы көпірден секіргісі келген ер адамның жағдайына түсінік берді.

«Біз жігітке бәрін түсіндірдік. Сіз көпірге көтеріліп, секіремін деп қорқытқан фактіңіз - бұл, біріншіден, басқаларға жаман үлгі көрсету, екіншіден, сіздің өміріңізге қауіп төндіру, үшіншіден, сіз өзіңіздің отбасыңыз үшін жауапты болуыңыз керек дедік. Ер адам ғой! Біз мұның бәрін оған түсіндірдік. Ол жұмыс табуға уәде берді. Біз көмекті аямаймыз», - деді Көлгінов.

Оның айтуынша, ер адам, әсіресе жас және дені сау ер адам жұмыс істеп, отбасын өзі асырауы керек.

«Сіз жұмыс жасауыңыз керек, отбасыңызға, балаларыңызға жауапкершілікпен қарауыңыз керек. Бұл әкенің жауапкершілігі болуы керек. Ол жас, қол-аяғы бүтін, біз жұмыс табуға көмектесеміз дедік. Оның екі баласы бар, үйде әйелі бар, балалардың бірінің денсаулығы нашар. Оларға көмектесейік дедік», - деп түйіндеді қала әкімі.

Бұған дейін белгісіз ер адамның Есіл өзені бойындағы көпірге шығып алған видеосын жариялаған едік. Артынша ер адамның биік көпірге не себепті шығып алғаны белгілі болды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Көліктер батып қалған: Желіде Алматыда су басқан көшенің видеосы тарады

Видеодан судан бу шығып жатқаны көрінеді

Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды

Тимур Тоқаев - саясат ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер

Ғалымдар қызанақтың белсіз ерлерге пайдалы екенін анықтады

Қызанақтың құрамындағы ликопен ерлердің ұрық жасушаларын көбейтіп, белсенді етеді

Назарбаев тайфун салдарынан қаза болғандардың өліміне байланысты Жапония императорына көңіл айтты

«Хагибис» тайфуны салдарынан 47 адам қаза болып, тағы 15 адам хабарсыз кетті

"Балаларға бір үзім нан табудың өзі қиын": Көпбалалы отбасының АӘК-сін тоқтатып, ақшаны қайтаруын талап еткен

Жеті баланың анасы отбасын жалғыз өзі асырауға мәжбүр

Құрбанын селфидегі көзінің қарашығы арқылы тапқан: Жанкүйері жас әнші қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Айыпталушы әншінің темір жол стансасында екенін суреті арқылы анықтады

Қазақстандық азаматтың асқазанынан ішіне кокаин салынған 42 капсула табылды (видео)

Ер адам 15,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Алдағы күндері Қазақстанда қар жауады

15-17 қазанда республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

"Жататын жерім болмай, өзбектермен вагонда жаттым": Танымал жүргізуші Алматыға келгенде тап болған қиындықтары туралы

Аяна Ғабдуллина: Мені Қайрат Нұртас қатты таңғалдырды

"Қауіпті жұмыс": Министр Арыстағы әскери қызметкерлердің жұмысы туралы

Ермекбаев көз жұмған әскери қызметкердің отбасына көңіл айтты
Çàãðóçêà...