Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяғың сынса да секірші деп едім": Шамалғанда көз жұмған жүргізушінің артында 4 баласы мен жары жылап қалды

Шамалғандағы автобус апатынан қайтыс болған Нұрғали Тасқалиұлының артында 4 баласы мен жары жылап қалды. Балаларының үлкені 17 жаста, кенжесі 3 жаста. 

16 қыркүйекте бұл отбасы балаларының туған күнін атап өтпек болған. Күйеуінің қасында кондуктор болып келе жатқан Ләйлә Жарылқасова кешегі күні өз уақытымызбен, өз жолымызбен келе жатқанбыз дейді. Сол кезде күйеуіне әріптесі хабарласып, автобусының бұзылы қалғанын айтып, өзінің уақытына жүре беруін өтініпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.  

"Шамалғанға барып, Көлащыдан келе жатқан едік. Кептеліске түстік. Біздің қалай рельске жетіп қалғанымызды байқамай қалдым. Рельске келіп тоқтағынымызды көрдім. Олар 10 минут сайын бағдаршамның қызыл түсіне ашып тұра береді. Әжені арғы бетке шығарғанша күйеуім көз жұмды. Оны алып шығып үлгермедім. Аяғың сынса да, секірші дедім, ол үлгермеді", - деді марқұмның жары.

Көпшілік марқұм азаматты адамгершілігі мол еді деп еске алады. 

"Ол жаман адам болса, бірінші секіріп кетер еді, олай істеген жоқ. Желіде бәрі жүргізушінің кінәлі екенін жазып жатыр. Бұл бірінші оқиға емес", - дейді оның әріптесі Қанат.

Бүгін 17-ге толып жатқан баласына әкесі ерекше сый жасаймын деген екен, бірақ тағдыр ол сыйды көрсетуді жазбапты. 

Талқылау