Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Автонесиеге өтінім беріп үлгергендер 60 күннің ішінде көлік алады - Өнеркәсіпті дамыту қоры

4 пайыздық автонесиеге өтінім беруге арналған сайтқа 1 миллионнан астам адам кірген. Бұл туралы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Бағдарлама іске асырылғаннан бері осы уақытқа дейін жиналған қаражат 7,6 млрд теңге болды. Револьерлік механизм болғандықтан, жалпы 761 адам тіркеледі деп жоспарланған. Өтінімдер бойынша несие рәсімдеу 60 күннен аспауы керек", – деді "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева.

Сайтқа өтініш беріп үлгерген азаматтар екі ай ішінде көлікке қол жеткізе алады. 

"Несиемен автокөлік алу жұмыстары 60 күннің ішінде аяқталуға тиіс. Бүгін палтформаға тіркелгеннен кейін өтініш беруші автосалонға және банкке барып, өз жұмыстарын жалғастырады. Осы платформа арқылы тіркелген азаматтарға 60 күннің ішінде автокөлікпен қамтамсыз ету жоспарланып отыр", – деді Жанар Ибрашева.

Бүгін жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауға 761 адам үлгеріп, 18 секундта аяқталған еді. Сайтқа бір минутта 125 мың адам кірген.

Бақытнұр Шерикбай
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2023 15:13