Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австрияда тұтас бір қала тұрғындары Қазақстаннан келген отбасы үшін митингіге шықты – БАҚ 

Австрияның Нидервальдкирхен қаласында «Адамгершілік мерекесі» акциясы өтті. Оған Қазақстаннан келген отбасының депортацияланатыны себеп болған. Осылайша, қала тұрғындары, отбасыға қолдау білдірді.

Австрияда тұтас бір қала тұрғындары Қазақстаннан келген отбасы үшін митингіге шықты – БАҚ 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі meinbezirk.at басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстаннан келген отбасының аталған қалада тұрып жатқанына 4 жыл болған. Олар сол жерге сіңісіп, тіл үйреніп алып, шіркеуге барып, қоғамдық өмірге араласуда. 

Австрияда тұтас бір қала тұрғындары Қазақстаннан келген отбасы үшін митингіге шықты – БАҚ 

Басылым мәліметінше, қазақстандық отбасы 2013 жылы қауіп төнуіне байланысты отанынан кетуге мәжбүр болыпты. Мақалада отбасыға өз елінде әлі де қауіп бары атап өтілген. 

Нидервальдкирхен қаласының тұрғындары бұл отбасының тағдырына алаңдап, оларды қолдау мақсатында митингіге шықты.

Австрияда тұтас бір қала тұрғындары Қазақстаннан келген отбасы үшін митингіге шықты – БАҚ 

Десе де басылымда қазақстандықтар туралы мәліметтер берілмеген және оларды депортациялау жөніндегі шешімге не себеп болғаны аталмаған. 

Талқылау