Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауызыммен алысқан": Қарақат Әбілдина оқырмандарына өкпесін жеткізді

Қарақат Әбілдина оқырмандарына өкпесін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Танымал өнер жұлдызы желідегі парақшасында жазба қалдырып, ауызын айтып сынап жатқан оқырмандарына қатысты пікір білдірді. Тістерін түзету үшін арнайы темір тағып, сегіз ай бойы күлмей жүргенін айтып берді ол. Осылайша ағынан жарылған Әбілдина денсаулығының бірінші орында екенін жеткізген. Соған қарағанда әнші жұрттың артық ауыз сөзіне мән бермеуді жөн көрген секілді.

"Менің ауызыммен алысқан оқырмандарыма не десем екен? Бастарыңызға берсін. Тістеріңіз түп-түзу, әдемі болады. Бұл жағдайды брекет салғандар ғана жақсы түсінеді. Аузымды ашып күлмегеніме де сегіз ай болыпты ғой. Недеген сабыр деймін-ау. Шынымды айтсам, бұртиып жүргеннен өзім де шаршап кеттім. Бірақ қайтеміз енді аз қалды, шыдау керек. Сондықтан артық кетпейік. Қалай болғанда да денсаулық бірінші орында", - дейді Қарақат Әбілдина.

Осылайша әнші жұртқа назын айтып, жақын арада темірін шешетінін жеткізді. Өнер иесін қазір тісінің түзулігі алаңдататын көрінеді.

Талқылау