БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ауруының қатысы жоқ": Қарағанды ойын-сауық орталығында 7 жасар қыздың неден көз жұмғаны айтылды

Қарағандыда ойын-сауық орталығында көз жұмған 7 жасар қыздың өлімінің алдын ала себебі айтылды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Қарағандыдағы ойын-сауық орталығы

"11 маусым күні сағат 18:22 шамасында жедел жәрдем станциясына "Таир" сауда үйінен қоңырау келіп түсті. Оқиға орнында 2012 жылы дүниеге келген қыз клиникалық өлім белгілерімен табылды. Көп кешікпей жансақтау шаралары басталды. Өкінішке орай, олар еш нәтиже бермеді.

Биологиялық өлім тіркелді. Фактіге сәйкес, соттық-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл тыныс алу жолдарының асқазандағы тағамдармен асфиксиялануы. Қарапайым сөзбен айтқанда, жеген тағамның тыныс алу жолдарына тұрып қалуы", - деді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ғамал Тоқсамбаев. 

Сондай-ақ, ол қыздың созылмалы ауруға шалдыққанын айтты. Алайда ол оның өліміне себеп болмаған. 

Еске сала кетсек, қайғылы жағдай 11 маусымда ойын-сауық-сауда орталығында орын алған еді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр