Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аурухананың бір бөлімінің жеті мейірбикесі бір уақытта жүкті болып қалды

Испанияның Барселона қаласында бір аурухананың жеті мейірбикесі бір уақытта жүкті болып қалған.

 Аурухананың бір бөлімінің жеті мейірбикесі бір уақытта жүкті болып қалды URl

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі W24 басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Аурухана қызметкерлерінің бірі желіде жариялаған суретте 7 әйелдің ішін көрсетіп тұрғаны көрінеді. Жүкті әйелдердің ең жасы 31 жаста болса, ең үлкені 47-де. Олардың бәрі аурухананың жаңа туған нәрестелерді емдейтін неонатология бөлімінде жұмыс істейді екен. 

«Кейде жұмысымыз қиынға соғады. Себебі біз 24 немесе 25 апталық шақалақтарды күтеміз. Кейде олар құрсағымызда көтеріп жүрген сәбиімізден де кішкентай болады. Шақалаққа, содан кейін өзіңе қарап, біртүрлі сезімде боласың.

Жүктілікті жеңіл өткізу үшін әр күнге арналған кеңестер >>>

Сондай-ақ, оның анасын да эмоциялық тұрғыда қолдауың керек. Өзіңде және құрсағыңдағы сәбиіңде барлығы дұрыс екенін біле тұра, шала туған шақалақ пен анасына қарау қиын», - дейді мейірбикелердің бірі. 

Талқылау