Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауруханаға барар жолда демі үзілді: Ақтөбеде құрдастарымен төбелесте көз жұмған оқушының оқиғасы

Ақтөбеде қатарластарымен төбелесте пышақ жарақатын алған 15 жастағы жасөспірім көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Ауруханаға барар жолда демі үзілді: Ақтөбеде құрдастарымен төбелесте көз жұмған оқушының оқиғасы

Ата-анасыкөз алдында жүрген баласынан ойда-жоқта айырылып қалды. Жақындары Мадиярды дүкенге кетіп, қайтып оралмағанын айтты. Төбелес кезінде пышақ сұққан балаға қатысты тергеу жүруде. Тағы екі бала жарақат алған. Мадияр ауруханаға барар жолда мерт болды. 

"Сот әділ болсын! Кінәлілер әділетті жазасын алсын", - дейді Мадиярдың әпкесі Мансия Исмағұлова. 

Оқиғадан соң мектеп басшылығы жиын өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

"Прокурорлар, полицейлер қайда қарап отыр.Жас балалар қарумен жүреді. Неге қарамайды? Неге жұмыс жүргізбейді? Жастар қырылысып жүреді", - дейді нағашы апасы Бақытылы Елекешова. 

Оқиға қала маңындағы Заречный ауылында болды. Қаза болған Мадияр Исмағұловты бүгін жер қойнына тапсырды. 

Талқылау