Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ауру кетіп, күш келді»: Алматыда қазақстандық өзінің діңгекті жасушамен емделу оқиғасын баяндап берді

Көптеген қазақстандық ер азамат аз қимылдайды және дұрыс тамақтанбайды. Осының салдары ретінде 40 жастан кейін денсаулығында ағзаның әртүрлі жері ауыра бастаған соң ғана емдеуге кірісетін көптеген кінәрат пайда болады.

Әрине, аурудың дамуын алдын алу қажет: спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, алкогольден бас тартып және жүйкені тоздырмауға тырысып. Алайда ауруға шалдығып, толыққанды өмірден бас тартқыңыз келмеген кезде не істеу керек?
Тимур Капаинұлы өз тәжірибесімен бөліседі. 

Тимур өмірді өте қатты жақсы көреді. Оның өмірі әрдайым белсенділікке толы және жарқын болды. Оған саяхаттап, тау шыңдарын бағындырған ұнайтын, әкесіне ұқсаған кішкентай белсенді қызының соңынан да үлгергісі келді. Уақыт өте келе ол ең қарапайым деген қозғалыстардың өзі ауырлық сездіретінін байқады. 50 жасқа таяған шағында дәрігерлер оның буынның ұстамалы ауруына (подагра) шалдыққанын анықтап, күретамыр қан қысымымен байланысты қиындықтар туындап, қант мөлшері қатты көтеріліп және тұрақсыз болды, омыртқа мен буындағы аурулар үнемі өзі туралы еске салып отырды. 

Өзін іштей жас сезінген Тимур күшінің азайғанын байқады. Дәрігерлер жылдар бойы әртүрлі дәрі тағайындап келді, алайда осы жылы Тимур альтернативті ем – діңгекті жасушалармен емделуді жөн көрді.

«Мен бұл процедураны 10 жыл бұрын жасатқан адамдарды білемін. Олар Америка, Германияда ем қабылдады. Достарымның әңгімесін тыңдап, интернеттен ақпарат оқыдым – діңгекті жасушалар болашағымыз екенін түсіндім. Әлем бойынша діңгекті жасушалар инъекциясын бұрыннан тәжірибеде қолданады екен. Олардың өте қымбат екені рас. Бізде Алматыда діңгекті жасушалар орталығы жуырда ашылды және бұл жерде ем әлдеқайда арзан», - деп түсіндірді Тимур өзінің ем қабылдау туралы шешімін. 
Тимур бір курс өтті. Дәрігерлер бірнеше аптадан кейін-ақ процедураның алдында және кейін жасалған анализдерден жақсы нәтижелер байқады – науқас диагнозының басты көрсеткіштерінің барлығы жақсарған.

Екінші рет инъекция жасатқаннан кейін буын ұстамалы ауруы белгілерінің барлығы жоғалды, арқа ауырғанын қойып, қан қысымы қалпына келді. Қаңтар айында курс басталған кезде қандағы глюкоза көрсеткіші аш қарынға 15-17 арасында тұрақсыз болса, курс аяқталғалы 6 ай өткен соң– 8-9 деңгейіндегі көрсеткішті көрсетті.
«Бұрын тісімді тазалау үшін жуынатын ыдысқа (раковина) еңкейе алмайтынмын. Жарық (грыжа) болды – ол бұдан әрі мазаламайды. Буындар қақсамайды. Қант мөлшері төмендеді. Қан қысымын реттеуге арналған дәрілерді де ішпейтінім таңғалдырады – бар болғаны, олар маған керек емес. Дәрігерлер жасушалардың ағзаның жалпы жұмысына әсер ететінін айтқан, бірақ мен жалпы жақсаруды сезінемін деп ойлаған емеспін», - деді сезімге толы Тимур өзінің өміріндегі өзгерістер туралы. 
Емнен кейін 3 ай уақыт өткен соң, ол бірнеше жылда алғаш рет көлікпен ұзақ сапарға аттануға келісті – Ыстықкөлге барып қайтты. Бұрын Тимур мұндай сапарлардан бас тартатын – тізесі ауыратын. 

«Ыстықкөлге бардым – көп қыдырып, көп жүздім. Алматыға оралдым – үйде отыра алмаймын. Құдды екінші тынысым ашылғандай: отбасыммен саябақтарда жиі қыдырамын, достарыммен тауға барамын. Жалпы көп қозғала бастадым – салмақ тастадым. Барлығы да сырттай жақсы көріне бастағанымды айғақтайды. Сондай-ақ, қатаң диетадан бас тарттым: енді стейк пен кәуаптар жей аламын – өзімді жақсы сезінемін. Бұл буынның ұстамалы ауруына шалдыққандар үшін таптырмас салтанат», - деп қуанды Тимур. 

Ол уақытылы жүргізілген жасушалық терапияның денсаулығындағы кінәраттан айықтырып қана қоймай, күш пен қуат беріп, алға жүруге деген ықыласы пайда болғанын айтады. 

Діңгекті жасушамен емдеу орталығы Алматыда жұмыс істейді. Жасушалық терапия мұнда ортопедия, неврология, педиатрия және басқа бағыттарда табысты түрде қолданылады. 

Орталықтың жұмысы туралы www.cellcenter.kz сайтынан, сондай-ақ, +7 (727) 327-99-23; +7 (775) 240-99-22; +7 (701) 175-62-23 телефондары арқылы білуге болады. 

PR құқығында. 

Талқылау