Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауызашар өткізуге тыйым салынды: Атырау облысында карантинге қатысты жаңа қаулы шықты

Атырау облысының бас санитар дәрігері аймақтағы карантин туралы қаулыға толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, қоғамдық тамақтану объектілеріне күн сайын 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, жексенбі күні тыйым салынады. Фуд-корттартек 7:00-ден 00:00-ге дейін жеткізу және алып кету үшін жұмыс істейді.

Сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтарына (павильондар, бутиктер) жұмыс күндері ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі: сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін (объект сыйымдылығының 30%-нан аспайды, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес), азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларын қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері қызметіне тыйым салынады.

Қасиетті Рамазан айында бірге тұратын бір отбасы мүшелерінің арасында "ауызашарды" қоспағанда, көпшілікке "ауызашар" беруге тыйым салынады.

Құжат мәтінімен толық мына жерде танысуға болады.

Қаулы 2021 жылғы 07 сәуірде сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр