Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауырған әкесіне асыққан: Қостанай облысында мас күйінде көлік тізгіндеген әкім жазаланды

Қостанай облысында мас күйінде көлік жүргізгені үшін Новошумный ауылының әкімі Болат Бақытжанов жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ng.kz порталына сілтеме жасап. 

әкім

Сурет: Сергей Миронов

Ауыл әкімі 2019 жылдың наурыз айында мас күйінде көлік тізгіндегені үшін ұсталған болатын. Бұл фактіні аудандық ауруханада жүргізілген тексеру де растады. Істі аудандық сот қарап, Бақытжанов кінәлі деп танылды. Ол үш жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды. 

«Болат Бақытжанов аудан орталығында досының туған күнін атап өткенін және сол отырыста тек екі бөтелке сыра ішкенін айтты. Түнде оған анасы хабарласып, әкесінің денсаулығының күрт нашарлағанын айтқан. Осыдан кейін ол әкесіне тиесілі көлікке отырып, Затобольск шағын ауданында тұрып жатқан әке-шешесінің үйіне барған», - деп жазды басылым. 

Сондай-ақ, Бақытжанов 2019 жылдың қаңтар айында көлік тігіндеп отырып телефонмен сөйлескені үшін айыпты деп танылды. Әкімге 6 312 теңге көлемінде айыппұл салынған. Қостанай облысы этика кеңесінің мүшелері Болат Бақытжановқа қатаң сөгіс жариялауды ұсынды. 

Талқылау