Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауылдардан жүздеген миллион гигабайт

Еліміздің ауыл-аймақтарында интернет тұрақты дамып келеді. Бүгінгі таңда 250+ бағдарламасының арқасында жоғары жылдамдықты қосылым тіпті елдің ең шалғайдағы аймақтарына да қолжетімді. Елді мекендердегі мобильді интернет-трафигі айналымының қарқыны да жоғарылады.

Өткен жылы “250+” бағдарламасын іске қосқаннан бері Tele2/Altel тағы жетпіс аймақты ғаламторға қолжетімді етті. Бүгінде оператор желісінде күніне 6 миллионнан астам интернет-сессиясы жазылады. Ауылдық трафиктердің де үлесі қарқынды өсуде. Бұл ретте "250+" ауылдарының абоненттеріне арналған Tele2 арнасының "Туған жер" арнайы тарифін атап өткен жөн. Мұнда пайдаланушылар дамуға арналған мемлекеттік, білім беру және басқа да платформаларға шектеусіз қол жеткізе отырып, тұрғылықты жеріндегі желі ішінде шексіз қоңыраулар соға алады.

Қалалық және ауылдық абоненттердің байланысына тоқталар болсақ, Tele2/Altel желісінде шет аймақтағы елді мекендердің пайдаланушылары 2022 жылы жалпы базаның 45%-ына жеткен. Бұл ауылдағы абоненттердің саны артқанын, интернет кеңінен тарап, дамып жатқанын көрсетеді. 2022 жылы кірістердің 40%-ын елді мекен абоненттері қамтамасыз етті. Олар жыл сайын оператор желісінде жазылатын жүздеген миллион гигабайтқа жететін деректердің үлкен көлемін тұтынады.

"Жылдам өсіп келе жатқан сандардың бәрі біздің тұтынушыларымыз екенін түсінеміз. Қазіргі кезеңде онлайн-қызметтердің рөлі маңызды. Сондықтан ғаламтор кеңістігінің мүмкіндігін кез келген жан ала алатындай етіп, желіні барынша кеңейту қажет. Сондықтан біз соңғы онжылдықтағы ең маңызды бағдарламалардың бірі “250+” бағдарламасын жүзеге асыруға көп ресурстарды салып жатырмыз", - деді Tele2/Altel бас директоры Сергей Конков.

Сарапшылардың дерегіне сәйкес Tele2/Altel желісіндегі “250+”-ке қосылған ауылдардың жалпы трафигінің 40%-ға жуығы Youtube, Instagram, TikTok, Facebook желілеріне тиесілі болған. Демек ауыл тұрғындары да заман ағымына ілесуде. Global Digital 2022 дерегі бойынша бұл платформалар ғаламшардың онлайн уақытының ең үлкен үлесі ретінде 35%-ды құрайды. Пайдаланушылар оларға күніне орта есеппен 2 сағат 27 минут жұмсайды. Ал App Annie мәліметтері бойынша, әдеттегі YouTube қолданушысы мұнда бір күні дерлік уақыт, айына 23,7 сағат жұмсайды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 02 Ақпан, 2023 12:22