Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл молдасы төсекке тартқаннан кейін көз жұмған әйелдің күйеуі: Ол сотталатын адамға ұқсамайды

Алматы облысының Ескелді аулында молданың қатысуымен орын алған сұмдық жағдайдан кейін қылмыстық іс қозғалған. Бүгінде тергеу жүріп жатқанымен, марқұмның күйеуі бұрынғы досының сотталатын адамға ұқсамайтынын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qamshy.kz басылымына сілтеме жасап. 

Ауыл молдасының өзін төсекке тартқанын айтып, артынша өзіне қол жұмсаған әйелдің күйеуінің сөзінше, бүгінде оқиғаға қатысты сараптама жүргізіліп жатыр екен. Ауыл молдасы Қадір Әмбиеұлына қатысты тергеуді Талдықорған қалалық ІІД жүргізуде. 

«Қазір іс қозғалып жатыр. Қалалық ІІД қызметкері Нұрмұханов Мұрат Жәлелұлы өз қолына алып, істі толық зерттеп жатыр. Осы кезде сараптама жүріп жатыр деп отыр. Қай кезде бітері белгісіз. Бір жарым айдың ішінде біраз бардым. Таудан ауылға түскен күні міндетті түрде кіріп-шығамын, әйтеуір. Жақын арада шешілсе дұрыс болар еді. Кеше ғана марқұм жарымның қырқын бердім»,- дейді марқұмның  күйеуі Есхат Әйнекбекұлы.

Есхат Әйнекбекұлы әйеліне көз тіккен бұрынғы досы, ауыл молдасы Қадір Әмбиеұлын әлі де көріп тұратынын айтады. 

«Жүр ғой ол осы маңда. Күндіз тергеуде болады, кешкісін қайтадан қайтады. Сотталатын адамға мүлде ұқсамайды», - дейді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, имамнан қорлық көрген әйелдің күйеуі Есхат Әйнекбекұлы болған жағдайды баяндап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа, ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдаулетке видео жолдағаны туралы айтқан едік. Өзгенің әйелін төсекке итермеледі деп айыпталған молда мән-жайды айтты.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр