Әуесқой боксқа қайта оралған Абылайхын Жүсіпов Азия чемпионатының жартылай финалында
Әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. 71 келіде жұдырықтасатын боксшы ширек финалда түрікменстандық Байрамдурды Нұрмұхаммедовпен кездесіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Сондай-ақ жекпе-жектің үшінші раундында Абылайхан Жүсіпов қарсыласын нокдаунға жіберіп, есеп ашты. Енді Жүсіпов 8 желтоқсанда жартылай финалда Тәжікстан спортшысы Шохбожон Шукуровпен жұдырықтасады.
Айта кетейік, бұған дейін Дулат Бекбауовтың ширек финалда уақытынан бұрын жеңіске жеткенін жазған едік.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты
Кейіпкердің 15 миллион теңге берешегі болған
Көкжайлаудағы тау шаңғысы курорты Шымбұлақтан 3 есе үлкен болады: Қоғам белсенділері жобаны неге сынға алып жатыр?
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев

