Atyrau Marathon – 2025 өз мәресіне жетті

2000-нан астам қатысушыны біріктірген дәстүрлі Атырау марафоны аяқталып, үздіктер анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, 42 шақырымдық қашықтықта ерлер арасында Ержан Жанарыстанов, ал әйелдер арасында Уәлиева Айгүл абсолюттік жеңімпаз атанды.

Жалпы марафон 42, 21, 10 және 5 шақырым бойынша ұйымдастырылып, жас ерекшеліктеріне қарай барлығы 96 жүлделі орын иегерлері белгілі болды.

Айта кетейік, жүлдегерлер арасында 15 жастағы жасөспірім де, 65 жастағы тәжірибелі әуесқой спортшы да бар. Бұл – Атырау марафонының көпшілікті біріктірген шынайы спорт мерекесіне айналғанын көрсетеді.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
Қазақстанда Coca Cola мен Pepsi сусындарының өндірісі тоқтай ма: Желіде жұртшылық алаңдаушылық танытты
Тұтынушы: "Енді бізге "Кола" Өзбекстаннан әкелініп жатыр екен"