Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Atyrau Marathon – 2025 өз мәресіне жетті

Atyrau Marathon – 2025 өз мәресіне жетті

2000-нан астам қатысушыны біріктірген дәстүрлі Атырау марафоны аяқталып, үздіктер анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, 42 шақырымдық қашықтықта ерлер арасында Ержан Жанарыстанов, ал әйелдер арасында Уәлиева Айгүл абсолюттік жеңімпаз атанды.

Atyrau Marathon – 2025 өз мәресіне жетті

Жалпы марафон 42, 21, 10 және 5 шақырым бойынша ұйымдастырылып, жас ерекшеліктеріне қарай барлығы 96 жүлделі орын иегерлері белгілі болды.

Atyrau Marathon – 2025 өз мәресіне жетті

Айта кетейік, жүлдегерлер арасында 15 жастағы жасөспірім де, 65 жастағы тәжірибелі әуесқой спортшы да бар. Бұл – Атырау марафонының көпшілікті біріктірген шынайы спорт мерекесіне айналғанын көрсетеді.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 05 Қазан, 2025 17:09