Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда әйел телефонмен сөйлесіп отырған жерінде асылып қалған

Атырауда әйел телефонмен сөйлесіп отырған жерінде асылып қалған. Бопсалаушы оның интимдік фотосуреттерін әлеуметтік желілерде жариялайтынын айтып қорқытқан. Бұл қайғылы оқиға туралы марқұмның әпкесі "Ақ Жайық" басылымына айтып берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

телефон

Марқұмның әпкесі Айгүлдің айтуынша, сіңлісі бірінші күйеуімен  ажырасқаннан кейін балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп, олардың жағдайын жасау үшін жұмыс істеген. Әлеуметтік желіде түркістандық тұрғынмен танысып, хат алмасып, екеуара сезім пайда болған екен. 

Өткен жылдың желтоқсан айында жаңа танысы Атырауға арнайы келіп, бірнеше күн бірге өткізіпті. Марқұмның туыстары оны интимдік суретке түсіру үшін тамағына немесе сусынына дәрі құюы мүмкін деп күдіктенеді. Өйткені әйел өте ұяң, анайы суретке түсуге  батылы жетпейтінін айтады.

Ұйықтап жатқанда, ер адам оны суретке түсіріп қана қоймай, абоненттердің нөмірлерін телефон кітапшасына көшіріп алған екен. Содан кейін ол бұл суреттерді таратпау үшін ақша талап ете бастапы.

Қысым көрсеткен ер адам бірнеше рет 100-200 мың теңгеден талап еткен. Әйелдің айлығы 50 мың ғана болған. Қолынан келгенінше төлеуге тырысқан. Бұл оқиға туралы марқұмның туыстары ұзақ уақыт бойы білмеген. Тек қысым көрсеткен ер адам оларға қоңырау шала бастағанда барып білген көрінеді.  

Жергілікті басылымның хабарлауынша, күдікті үнемі түнде, мас күйінде әр түрлі нөмірлерден қоңырау шалған. Нәтижесінде жәбірленушінің өзі де, оның туыстары да бейтаныс нөмірлерден қорқып, түнде телефонды өшіруге мәжбүр болған. Мұндай қысымға төтеп бере алмай, жәбірленуші сотқа арыздануға бекінген екен.

Сотта бопсалаушы кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, кешірім сұрапты. Қайталанбайтынын айтып уәде берген. Сот оны "бопсалау" бабы бойынша екі жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды.

"Мұның қалай мүмкін екенін білмеймін, бірақ ол Атыраудан - алдымен Түркістанға, содан кейін Қызылордаға кетіп қалды. Бірақ сіңліме телефон арқылы тиісуді жалғастырды. Қылмыскер сіңлімнің түбіне жетті, қоңырау үздіксіз шалды, қорлады және ақша әкелуді талап етті, - дейді Айгүл.

Айгүлдің айтуынша, қылмыскер бопсалауды тоқтатпаған. Жәбірленуші сотқа қайта арызданған. Бірақ сот жазбаша арыз болмаса істі қарамайтынын айтқан көрінеді. Ал бұл туралы полиция қызметкері ескертпеген көрінеді. Жәбірленушінің өлімініне соң полиция телефонына қоңырау шалғанын, тұтқаны көтермегенін айтады. Туыстары телефонды алуға қорқатынын айтқан.

"Тағы да қайталаймын, сіңлім телефон қоңырауларынан қатты қорықып қалған. Тергеуші оған хабарлама жазуы керек еді... сіңлім бопсалаушымен телефонмен сөйлесу кезінде өзін асып қойды. Оның өлімінен соң да ер адам қорқытуды әлі тоқтатқан жоқ", - дейді Айгүл.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталған факті бойынша "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеудегі адамның орналасқан жері анықталды.

 

Талқылау