1 метрге 72,5 миллион теңгеден: Атырауда көпірдің жөндеуіне миллиардтаған теңге жұмсалмақ
Атырауда орталық көпірді қайта жаңарту жоспарланып жатыр. Қала әкімдігі құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 16,8 миллиард теңге болғанын және осы сома жоба жұмыстарында көрсетілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: krot.info
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 2018 жылы "Алматы Жоба" ЖШС ұзындығы 232 метр болатын көпірді күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеген. Жоба тіректерді, аралық арқалықтарды жөндеуді, жол жабынын, қоршаулар мен жарықтандыруды ауыстыруды қамтыды.
Ұзындығы небәрі 232 метрді құрайтын орталық көпірді қайта жаңартуға 16.8 млрд теңге халық ақшасын жұмсау жоспарлап отыр. Бұл әр метр үшін шамамен 72, 4 млн теңге деген сөз.
2020 жылы қаланың оң жағалауында жылумен жабдықтау көлемін ұлғайту қажет екеніне байланысты жобаға өзгерістер енгізілді. Жаңартылған нұсқада көпірді үш метрге кеңейту, сондай-ақ жылу трассаларын төсеуге арналған жеке техникалық көпір салу қарастырылған.
Алайда жаңартылған жоба "Мемлекеттік сараптама" жүйесіне жүктелген кезде, бюджет комиссиясының шешімі болмағандықтан, қараусыз қайтарылды. Қазір қайта тапсыру үшін қажет құжаттар жиналып жатыр. Қайта жаңартудың нақты басталу мерзімдері мен мердігер ұйым мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады. Алдын ала мәліметтер бойынша, күрделі жөндеу 35 айға созылуы мүмкін. Алайда бұл мерзімдер түпкілікті емес, себебі жоба әлі мемлекеттік сараптамадан өтпеген.
Қазір жөндеу кезінде көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысының қалай ұйымдастырылатыны белгісіз. Билік уақытша балама маршруттар немесе уақытша өткелдер қарастырылған-қарастырылмағанын әлі нақтылаған жоқ. Бұл мәселе жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, қаражат бөлініп, мердігер анықталғаннан кейін қаралады.
Екібастұзда сауда және ойын-сауық орталығының аспалы төбесі опырылып түсті (видео)
Еске салайық, бұған дейін Қызылордадағы Назарбаев саябағын қайта қалпына келтіру жобасы дайындалғанын жазған едік. Тұңғыш Президент саябағы – халықтың қарасы үзілмейтін, таптырмас отбасылық демалыс орны. Жайлы аумақта шағын мерейтойларды атап өту үрдіске айналған. Сондықтан болар, жасыл желекке оранған жерде тынығушылар саны жыл сайын артып келеді. Осыны ескере келе, саябақ көлемін кеңейтуді, демалыс аймағын жаңартуды жолға қою мақсат етілді. Оған демеушілер есебінен жаңғырту жобасы әзірленген.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік