Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы қонақ үйде болған өрт: Көмекке ұмтылғандар 30-дан астам оқушыны құтқарды

16 маусымға қараған түні Атыраудағы "Райхан" қонақ үйінде өрт болды.

Атыраудағы қонақ үйде болған өрт: Көмекке ұмтылғандар 30-дан астам оқушыны құтқарды

Оқиға орнынан құтқару қызметіне түнгі сағат 01:19-да хабар түсті. 

"Өрт саунаның жерасты қабатындағы пар бөлмесінен басталған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер саты арқылы шығып, 3 бала мен 31 ересек адамды, 29 баланы құтқарды", - деді Қазақстанның ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Құтқарылғандар мен сыртқа шығарылғандар Оралдан жарысқа келген балалар. Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. 

Мейрамхана әкімшісі Гаухар Жананованың айтуынша, Нүркен қолын жарақаттағанына қарамастан жедел жәрдем қызметінен бас тартқан. Жұмыстан босатса да, үйіне қайтпай, жұмысын аяқтап бір-ақ кетіпті.

"Біздің жігіттеріміз нағыз ержүрек. "Айва" кафесі мен "Башня" мейрамханасының күзетшісі Нүркен өрт шыққан екінші қабатқа кіріп, 7-8 жастғы 34 баланы алып шықты. Балалардың ешқайсысы сасқалақтамапты. Бапкері не істерін білмей қалған. Жүргізушілер мен таксистер алдын ала өрт сөндіру қызметінің көлігі кіру үшін орын босатып қойды. Дүкендерден су алып келіп түтін жұтқан алаларға ішкізді. Қонақ үй жұмысшысы ғана есінен танып қалды. Оны жедел жәрдеммен алып кетті. Жастарымыз ержүрек, сасқалақтамай тиісті көмекті жасады. Нүркен онда балалар барын білмеген екен. Терезені сындырып кіргенде онда 4 бала ұйықтап жатқан. Түтіннен балаларды іздеу қиынға соққан. Үшінші қабатта екі баланы төсектің астынан тапқан. Осындай жігіттердің арқасында қанша баланы аман алып қалдық. Осы балаларға алғысымды айтам. Айбар Жаниязов 34 баланы қонақ үйіне жатқызды. Оған ерекше рахмет айтам", -деді желідегі парақшасында Тимур Назаров. 

Талқылау