AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда "Tartyl Fest" жеңімпаздары марапатталды

Атырауда тұңғыш рет ұйымдастырылған "Tartyl Fest" фестивалінде 300-ге жуық тұрғын бағын сынап, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Tartyl Fest" фестивалі Президент жанындағы "Дара" таланттарды қолдау қоры мен Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Қатысушылар салмағы мен жасына қарай 9 санат бойынша өнер көрсетті. Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында өткен жарыстың жалпы жүлде қоры – 3 миллион теңге. Ең жоғары нәтиже көрсеткен атыраулық Амангелді Өтепов 80 келі салмақ дәрежесінде 33 рет тартылып үздік деп танылды. 

- 10 мен 35 жас аралығындағы қала тұрғындары турникке тартылудан бәсекеге түсті. Қатысушылардың барлығы тыңғылықты дайындықпен келген. Бұл фестиваль Атырау облысынан басқа еліміздің тағы 12 өңірінде өтеді. Енді Ақтауға, Оралға, Ақтөбе мен Солтүстік Қазақстанға аттанамыз. Жарыс жоғарғы деңгейде өтті деп ойлаймын, деді фестиваль ұйымдастырушысы Еркін Ташов.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова және "Дара" таланттарды қолдау қорының басшысы Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ жоба амбассадоры, қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер Айтым Жақыпов марапаттады.

Жеңімпаз атанған қатысушылар:

18 жасқа дейін (55 келі)
1 орын - Данил Пискариев 29 рет;
2 орын - Азамат Асқарұлы 28 рет;
3 орын - Зейнел Тілеухан 26 рет;

18 жасқа дейін (55-70 келі арасы)
1 орын - Ұлан Жайшылық 28 рет;
2 орын - Нұржан Сұңғатұлы 25 рет;
3 орын - Ерсұлтан Айтекенов 24 рет;

18 жасқа дейін (70 келіден жоғары)
1 орын - Әлиби Үрестен 26 рет;
2 орын - Әли Серікұлы 21 рет;
3 орын - Бекнұр Қанатай 20 рет;

18-30 жас арасында (65 келіге дейін) 
1 орын - Тимофей Хван 32 рет;
2 орын - Ақжол Салихадин 32 рет;
3 орын - Камиль Хасипов 31 рет;

18-30 жас арасында (65-80 келі аралығы) 
1 орын - Максим Пономаренко 31 рет;
2 орын - Саламат Сабыров 28 рет;
3 орын - Біржан Аманов 25 рет;

18-30 жас арасында (80 келіден жоғары) 
1 орын - Артур Зубарев 26 рет;
2 орын - Нұрлыбек Халидолла 25 рет;
3 орын - Артём Трембач 24 рет;

30 жастан жоғары (80-90 келі аралығы) 
1 орын - Талғат Берімбаев 29 рет;
2 орын - Аслан Шәкіров 26 рет;
3 орын - Асылхан Дюсемалмев 25 рет; 

30 жастан жоғары (90 келіден жоғары) 
1 орын - Қали Қуаныш 21 рет;
2 орын - Досқали Раушанұлы 19 рет;
3 орын - Ыхтияр Нарманұлы 18 рет; 

30 жастан жоғары (80 келіден жоғары)
1 орын - Амангелді Өтепов 33 рет;
2 орын - Ержан Хабулов 32 рет;
3 орын - Руслан Жакупов 30 рет.

Бірінші орын жеңімпаздарына 200 мың теңге, екінші орын алған қатысушыларға 100 мың теңге, сондай-ақ үшінші орын иелеріне 50 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.

Фестиваль соңында кештің арнайы қонағы Мирас Жүгінісов және жергілікті өнерпаздардың қатысуымен көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынылды.

Фестивальда жеңімпаз атанғандар Нұр-сұлтан қаласында өтетін Гранд-финалға жолдама алады. Ал Гранд-финал чемпиондарының Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндігі бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр