Атырауда "Saraishyq Upgrade-2025" халықаралық жастар форумы басталды

Бүгін жастардың жаңа идеяларын қолдауға, креативті индустрияны дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған "Saraishyq Upgrade-2025" халықаралық жастар форумы басталды.
Форумның ашылу салтанатына Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Креативті индустриялар департаментінің директоры Айгерім Жонкина қатысты.

Дәстүрлі форумға еліміздің барлық өңірінен және Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан мен Өзбекстаннан келген 14–35 жас аралығындағы 300-ден астам жас қатысуда. Биыл қатысу үшін 997 өтінім түсіп, оның ішінде 305-і іріктелді.
Екі күндік бағдарламада панельдік пікірталастар, секциялық кездесулер мен шеберлік сабақтары қамтылған. Қатысушылар кинематография, музыка, IT және жасанды интеллект, маркетинг, театр, хореография бағыттары бойынша республикалық сарапшылармен тәжірибе алмасып, өз жобаларын ұсынып, байқауға қатысады.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған форум Атыраудың тарихи-мәдени әлеуетін танытып қана қоймай, жастардың өзара тәжірибе алмасуына, жаңа бастамаларын жүзеге асыруына және жаһандық даму үрдістеріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік