Атырауда масаға арналған ескерткіш орнатыла ма?

Атырауда қалалық саябақтардың бірінде масаға арналған ескерткіш орнатылмақ екені мәлімденді. Алайда қала әкімінің орынбасары мұндай мәселенің қаралмағанын айтты. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қалалық ретро-саябақты сенімгерлікпен басқару құқығына иеленген кәсіпорнынның басшысы саябақта Атыраудың символдарының бірі ретінде масаға арналған ескерткіш орнату туралы жоспарын айтты. Бұл туралы ол 3 маусымда журналистерге айтқан. 

Артынша Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев ретро-саябақта масаға ескерткіш орнату мәселесі әкімдікте қаралмағанын мәлімдеді. 

"Қазіргі уақытта саябақ сенімгерлікпен басқаруға берілді. Алайда ескерткіштер мен кішігірім сәулет нысандарын орнату мәселелері бізбен келісілуі керек. Болашақта біз, бірінші кезекте, тұрғындардың мәдениет және демалыс орнының сәулетіне және стиліне сәйкес келетін жұмыстарды ғана қарайтын боламыз. Мысалы, домбыраның ескерткішін орнату туралы ұсыныс түсуде", - дейді әкімнің орынбасары. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жыныстық қатынас арқылы: Дәрігер қазақстандықтарға арқа ауруын емдеудің жолын үйретті

Жыныстық қатынас психологиялық және соматикалық денсаулықты жақсартады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған
Çàãðóçêà...