Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда Қызыл кітапқа енген 28 құсты шетел асырмақ болған қылмыстық топ ұсталды

Атырау қаласының әуежайында Қызыл кітапқа енген 28 ителгіні шетелге асырмақ болған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет сюжет кадрларынан алынған

Деректерге сай, олар сирек құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізуді жоспарлаған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген арнайы операция кезінде қылмыстық топтың қатарында шетелдіктер мен Қазақстан азаматтары бар екені анықталды. Ұсталғандардың бірінің үйін тінту кезінде ителгіні ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме және ителгілерді ұйықтатуға арналған медициналық препараттар табылған.

Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-шы, яғни "Құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарларды заңсыз тасымалдаумен айналысу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ал келтірілген залалдың сомасы 200 миллион теңгеден асқан. 

Талқылау