Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспановаға арналған ексерткіш орнатылды

Атырауда қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспановаға арналған ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Атырауда қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспановаға арналған ексерткіш орнатылды

Ұлы Отан соғысының батыры, «Халық қаһарманына» арналған ескерткіш Атырау халықаралық әуежайының алдындағы алаңда орнатылды. 

Хиуаз Доспанова 1922 жылы 12 мамырда Атырау облысында дүниеге келген. Ол соғыс жылдары әскери ұшақтарды басқарып, ерлігімен танылды. Ал бейбіт уақытта елеулі еңбегімен көзге түсті. 

Еліміздің әр өңіріндегі зиялылар, Доспанованың туыстары мен жерлестері ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты. 

«Еліміз ауыр сынақты бастан өткерген кезде біздің Мәншүк, Әлия, Хиуаз сынды батырларымыз Отан қорғаушылардың қатарына өз еркімен қосылды. Бүгінде мемлекетіміздің даму стратегиясында президентіміз әйелдерге деген құрметке басымдық берген. Сондықтан бүгінгі шара біздің аналарымыз, әпке-қарындастарымыз, қыздарымыз бен болмысы бөлек тұлға Хиуаз Доспановаға деген құрметімізді көрсетеді», - дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Ескерткіштің биіктігі 2,3 метрді құрайды. Хиуаз Доспанованың қоладан құйылған мүсіні майданға аттанып бара жатқан қыздың бейнесінде сомдалған.

Еске сала кетсек, танымал ұшқыш, «Халық қаһарманы» 2008 жылы 20 мамырда өмірден озған еді.

Талқылау