Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда караоке күзетшісі тексеруге келген мониторинг тобының мүшесін соққыға жықты

Атыраудағы "Рыба моей мечты" караоке-барының күзетшісі мониторинг тобының мүшесін ұрып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мекеме қызметкерлері мен инспекторлар арасындағы жанжал жексенбіде, бірінші тамыз күні болған.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде айтылғандай, караоке карантин ережелерін бұзып, рұқсат етілмеген уақытта жұмыс істеген. 

"Таңертеңгі сағат төртте мониторинг тобының мүшелері тәртіп бұзғаны үшін барға кіруге тырысты. Алайда күзетші тексерушілердің мекемеге кіруіне кедергі келтірген.  Күзетші қалалық жер қатынастары бөлімінің қызметкеріне жұдырық ала жүрігіпті. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 


Талқылау