Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 1,2 кг мефедрон тәркіленді: Қылмыстық топтың ішінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірім бар

Атырау облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні  ірі мөлшерде сатумен айналысқандарды анықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

мефедрон

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі сірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бес адамнан тұратын қылмыстық топ заңсыз қызметпен айналысты. Ұсталғандар – 17-29 жас аралығындағы Тараз қаласының тұрғындары.

Күдіктілердің ішінде кәмелет жасқа толмаған 17 жастағы жасөспірім алаяқтық фактісі бойынша мемлекетаралық іздеуде екені анықталды.​

Тексеру кезінде олардан 1,2 кг мефедрон (4 мың доза), сондай-ақ екі электронды ас үй таразысы, жеті пакет изолента және фольга тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі – мефедрон .

Қаскүнемдер Тараздан Атырауға келген. Қылмыстық топ заңсыз баю мақсатын көздеп, туыстарының атына ақша аударғаны анықталды.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 03 Ақпан, 2023 15:20