Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 10 жасар бала субұрқақта қысылып қалып, құтқарушылар шақыруға тура келген

Атырауда Атырауда 10 жасар бала субұрқақта қысылып қалып, құтқарушылар шақыруға тура келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Привокзальный шағын ауданында болған. 10 жасар баланың аяғы ойнап жүріп қаладағы субұрқаққа кептеліп қалған. Бала өз бетімен шыға алмай, ата-анасын шақырған. Алайда олар да көмектесе алмай құтқарушыларға жүгінуге тура келген.

Балаға құтқарушылар арнайы құралдар арқылы көмек көрсетті. Ведомство субұрқақтарға суға түсуге тыйым салынғанын еске салды.

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 23 Маусым, 2023 11:05