Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында сушиден уланғандар саны 29-ға жетті

Атырау облысындағы дәмханалардың біріне келушілер жаппай уланған. Қазіргі уақытта ауруханаға 29 адам уланып түскен. Бұған дейін уланғандар саны 16 адам еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

суши

27-28 желтоқсан аралығында Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне 29 адам уланып келіп түскен. Ауруханаға жатқызылған барлық науқастарда диарея, қызба, жүрек айну, құсу және жалпы әлсіздік байқалыпты. 

Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев оларға тамақтан улану диагнозы қойылғанын айтты.

"Сонымен қатар, төрт науқас ауруханаға жатқызудан бас тартты, тағы төртеуі амбулаториялық емге жіберілді, 21 науқас жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды және тиісті ем алуда", - деп қосты ол.

Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы орташа ауырлықта. Құқық қорғау органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары бұл фактіні зерттеп жатыр.

Тұрғындардың айтуынша, 24 желтоқсанда олардың барлығы "Үш самурай" кафесінде тапсырыс берген сушиді жеген. Кафенің өзінде тамақ дайындау және беру тоқтатылды. Сотқа оның қызметін тоқтата тұру туралы материалдар дайындалуда.

Еске салсақ, Атырау облысында 16 адам жаппай сушиден уланғаны туралы хабарлаған едік.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр