Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында полиция басшыларының тұтқындалған сәтінің видеосы пайда болды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық полиция департаментінің тылдық қамтамасыз ету басқармасы автошаруашылығының басшысы, полиция подполковнигі мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар паар алды деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау облысында полиция басшыларының тұтқындалған сәтінің видеосы пайда болды (видео)

Ведомство мәліметінше, олар адамдар тобымен алдын ала келісім бойынша, бірқатар ЖШС директорынан ПД автокөліктеріне жалпы сомасы 37 млн теңгеге қызмет көрсету туралы қосымша келісімшарттарға қол қойғаны үшін 2,5 млн теңге көлемінде пара алған. 

24 қыркүйекте жедел тергеу амалдарының барысында аталған полиция қызметкерлері жоғарыда көрсетілген соманы қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды. Тінту барысында ТҚБ автошаруашылық басшысынан 800 мың теңге, орынбасарынан 1 миллион 200 мың теңге тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сот күдіктілердің кінәсінің деңгейін анықтап, шешім шығаратын болады. 

Талқылау