Атырау облысында киік аулағандар ұсталды
Атырау облысы, Индер ауданында киік аулағандар ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ-не сілтеме жасап.
"Атырау облысы аумағында өтіп жатқан "Қыстақ" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде индерлік қызметкерлер Индербор кентіне кіреберіс тасжолда УАЗ автокөлігін тоқтатқан.
Тінту барысында киіктің 4 мүйізін, оның бұтарланған етін және аңшы қаруын тәркілеген", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Аталған фактіге қатысты 1974 және 1972 жылдары туған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген