Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында айдалада ер адамды өлтіріп кеткен

Атырау облысы Жылыой ауданында айдалада 40 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамның басын соғып өлтірген. Оның денесін Жылыой ауданының аумағынан тапқан. 40 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Ол Атырау облысындағы компаниялардың бірінде дәнекерлеуші болып жұмыс істеген.

Полиция ҚР КК-нің 201-бабы бойынша оқиға жайлы ақпарат жариялауға келмейтінін мәлім етті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысы Жылыой ауданда ер адам 35 жастағы жеті баланың анасын аяусыз пышақтап тастағанын жазған болатынбыз. Зардап шеккен әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды

Талқылау