Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау әуежайының инженері хакерлік әдіспен 12 млн теңге ұрлап алған

Ақша «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ тиесілі екінші деңгейлі банктердің бірінің есебінен 12 млн теңге ұрланды.

Атырау әуежайының инженері хакерлік әдіспен 12 млн теңге ұрлап алған

Көлік полициясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Атырау халықаралық әуежайына тиесілі екінші деңгейлі банктердің бірінің есебінен он екі миллион теңге ұрланғанын хабарланды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік полициясының қызметкерлері қылмыс жасаған күдіктіні анықтап ұстады. Ол Атырау халықаралық әуежайының 23 жастағы инженер-бағдарламашысы болды. Арнайы білімін пайдалана отырып, Атырау халықаралық әуежайының шотынан үлкен соманы танысының есеп шотына аударып, ақшаны сол күні шешіп алған", - деп хабарлайды көлік полициясының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, бұл факт Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Ерекше ауқымды ұрлық» бабы бойынша алдын ала тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеледі.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімі бойынша, қылмыскер кінәлі деп танылды. Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Талқылау