Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атасы немересін ішімдік ішкіземін деп өлтіріп алды

Қытайдың Пекин қаласында атасы жаңа туған немересіне алкогольдік ішімдік беріп өлтіріп алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

шарап

Отбасының толығуымен құттықтап келген туыстары мен достары дастархан басында жиналған. Сол күні сәбиге бір ай толған екен. Қуанышты күнде баланың атасы да тілек айтқан. Сол кезде қонақтардың бірі атасы немересісіз ішімдік іше алмай тұрғанын айтып, қалжыңдап қалады. 

Ал ол болса, жатқан сәбиге стақанындағы ішімдіктен иіскеткен. Сол мезетте анасы сәбиді алып үлгергенімен, жарты сағаттан кейін оның жағдайы нашарлап кеткен. Ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер баланы сақтап қала алмапты. Олар сәбидің алкогольдік ішімдіктен уланғанын айтқан.

Талқылау