"Атамның қасында шай ішіп отырғандай": Димаш белгілі композиторды жер көкке сыйғызбай мақтады

Димаш Құдайберген белгілі композитор Кеңес Дүйсекеевті жер көкке сыйғызбай мақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ұлттық арнаға сілтеме жасап. 

Бүгінде "Шабыт" университетінде композитор мамандығы бойынша Кеңес Дүйсекеевтің сыныбында білім алып жүрген Димаш Құдайберген өнер иесін ерекше бағалайтынын айтты. Сырт көзге қатал көрінгенімен, композитор жақын танысаң жүрегіңнің ішіне еніп, ішкі сезіміңді ақтара алады дейді. Тіпті Димаш ұстазын атасына теңеген.

"Бір қарағанда Кеңес ағамыздың бет-әлпеті сәл сұстылау көрінеді, кәдімгідей мысы басады. Бірақ, сыныпта өте қарапайым. Құдды бір атамның қасында шай ішіп отырғандай сезімде боламын. Ол кісі тек қана менің кәсіби біліктілігімді арттырып жатқан майталман есебінде ғана емес, рухани құндылықты жасөспірімдерге дәріптеп жатқан тұлға деп білемін", - дейді өнер иесі.

Сонымен қатар, Димаш Құдайберген мамандық таңдағанда, өмірлік бағытыңды айқындағанда жүрегіңді тыңдап, балалық арманыңды есіңе ал деп кеңес берді. Өзін әлемдегі ең бақытты жан санайтын әнші әр күніне шүкіршілік ететінін жасырмады.

"Мамандық таңдайтын сәтте артқа шегініп, бала кезімде нені армандадым деп ойлау керек. Себебі, бала тілегі, бала арманы ешқашан адамды адастырмайды. Мен өзімді өте бақытты жан санаймын. Осы күніме шүкіршілік етемін", - дейді Димаш Құдайберген. 

Комментарий тастау үшін сізге сайтқа ену керек
Комментариялар
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дамаскідегі әл-Фараби кесенесі қандай қалыпта

Қазақстандық делегация Сирияның Дамаскі қаласына аттанды

Шариғат бойынша: Луина некесін мешітте қидырды

Өнер иесі орыстың келіні болды

Тимур Құлыбаев тағы да Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне ұсынылды

Асқар Мамин: Бұл бұқаралық спорттың одан әрі дамуындағы маңызды қадам

"Құдайым-ай, неткен еркек": Димаштың "жүн басқан кеудесі" қыздарды естен тандырды

Жұрт әншінің жаңа образын жақтырмай қалды

Ғалымдар адамның ұзақ өмір сүруіне көмектесетін жемісті анықтады

Қытай ғалымдары арнайы зерттеу жасады

Адам суицидке жанын ауыртқан адамды жазалау үшін барады — психоаналитик

Анна Құдиярова адамдардың неге өзін-өзі өлтіретінін түсіндірді

6 жасар бала көз жұмған анасымен бірге 5 күн түнеген

Бала өте әлсіреп қалған күйде табылды

"Әжемнен дарыған қасиет": Айжан Нұрмағамбетова көріпкелдігі бар екенін айтты

Әнші көріпкелдердің байқауына қатысқан

Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры 92 жасында ер адамға үйленді

Қарияға үш бала сыйлаған әйелі оның мұндай шешіміне түсіністікпен қарапты

Алматыда бір үйдің үш баласын көлік қағып кетті

Балалардың жағдайы туралы денсаулық сақтау басқармасында айтып берді
Çàãðóçêà...