Атақты Канелоның командасындағы қазақ боксшысы әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарында
Әлемге әйгілі боксшы Сауль Канело Альвареспен бірге дайындалатын боксшы Бек Нұрмағанбет әлемнің ең үздік он боксшысының қатарында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атақты мексикалық былғары қолғап шебері Канело Альварестің командасында жаттығатын Бек Нұрмағанбет әлемдік рейтингте ең үздік 10 боксшысының қатарында. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз WBA тұжырымының жаңартылған рейтингі бойынша ең үздік он боксшының қатарына кіріп, 9-орынға жайғасқан. Ал WBA тұжырымы бойынша бұл салмақта чемпион Сауль Альварес болса, рейтингтің көшін Кристиан Мбилли бастап тұр.
Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет шаршы алаңда 13 жекпе-жек өткізіп, соның он бірін нокаутпен жеңген. Ол соңғы жекпе-жегін мексикалық Хоакин Мурриета Лусиоға қарсы өткізіп, екінші раундта нокаутпен жеңген еді.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады

