Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық азамат пойызда 7 миллион теңгесін ұмытып кеткен

Көлік полицейлері жолаушыға жоғалтып алған жалпы сомасы 7 млн теңгеге жуық ақшалай қаражатын жедел тауып, қайтарып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 3 ақпанда Есіл станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне елорданың 43 жастағы тұрғыны 4 миллион теңге және 6000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражаты салынған қара түсті сөмкесін жоғалтып алғандығын айтып, оны табуға көмек көрсету туралы өтініш білдірген.

Сөмкенің иесі Денис Чернецский "Алматы-Орал" бағытындағы жолаушылар пойызымен Есіл станциясына достарына қонаққа барған. Оның айтуынша, қомақты ақшасы мен құжаттары салынған сөмкесін жоғалтып алғанын үйге келгеннен кейін бір-ақ білген.

Денис бірден Есіл станциясындағы полицейлерге хабарласып, ақшасы салынған сөмкесін жоғалтып алғаны туралы хабарлаған.

"Қызметкерлер менің сигналыма тез жауап берді. Пойыз бастығымен байланысып, менің сөмкемнің орналасқан жері анықталды. 6 сағаттан кейін құжаттар мен қолма-қол ақша салынған сөмкемді олар маған қайтарып берді. Полицейлерге көрсеткен көмегі үшін зор алғысымды білдіремін", - дейді Денис Чернецский.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2023 17:24
Талқылау