Астанаға және басқа да ірі қалаларға тұрақты есірткі жеткізіп келген қылмыстық топтың жолы кесілді
Астанаға және басқа да ірі қалаларға есірткі кіргізудің және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні кіргізудің және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті. "Мефедрон" және "альфа-PVP" әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған. Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы бетпе бет кездесусіз алынып отырған. Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды", - делінген сәрсенбі күні тараған ақпаратта.
- Алматыда орналасқан украиналық есірткі лабороториялары екі аптада 100 келіге дейін өнім шығарып келген
- Астана соты азаптау фактісімен айыпталған ҰҚК қызметкерлерін қамауға алу туралы шешім шығарды
Тінту барысында заңсыз айналымынан 103 келі синтетикалық есірткі алынған.
"Өлімге әкелетін "тауарды" Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында тарату көзделген. Есірткіні бизнесіне қарсы іс-қимыл жалғасуда", - деп қосты ҰҚК.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік