Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы ең биік ғимараттардың бірі сатылымға қойылды

Астанада Қонаев көшесіндегі ең биік ғимараттардың бірі сатылымға қойылды. Елоданың төріндегі ең зәулім 45 қабатты «Изумрудный квартал» әкімшілік ғимараты Gosreestr.kz электронды сауда алаңында сатылымға шықты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Астанадағы ең биік ғимараттардың бірі сатылымға қойылды

Нысанды сатылымға «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС шығарды. Ең зәулім ғимараттың бастапқы бағасы 24 млрд 83 млн 228 мың теңгені құрайды.

Жалпы ауданы 100 923,7 шаршы метрді құрайтын ғимаратпен бірге, оған іргелес жатқан жер учаскесі, қосалқы ғимарат және жылжымалы мүлік те сатылымға шығарылды. Сауда 4 қыркүйекте басталады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр