Астанадағы ауа райының қолайсыздығы: коммуналдық қызметкерлер қардың салдарымен қалай күреседі
Астананы ақ ұлпа басты, қар таңертеңнен бері үздіксіз жауып жатыр. Жауын шашынның көп түсуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

11 қарашада елорда бойынша қар тазалау жұмыстарына 1,3 мыңнан астам арнайы техника мен 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Ережеге сәйкес, ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.

10 қарашадан 11 қарашаға қараған түні қаладан полигондарға 20 мың текше метрден астам қар, 2 096 ауыр жүк рейсі шығарылды.

Қар жауа бастағаннан бері Астанада бір апта ішінде 57 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 4595 жүк рейсіне тең.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген