Астанада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды

Фото: Gov.kz
Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның денесі 21 сәуірде тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан табылған.
"Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген баспасөз хабарламасында.
Кейін Астана полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы ер адам өз пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Таразда бұрынғы полиция қызметкерінің мәйіті табылғаны туралы жазған едік.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі